Арқалық қаласының білім бөлімі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен тарих пәні бойынша 8-сыныптар арасында қалалық сайыс өтті. Бұл білім додасы жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтуге, ой-өрісін дамытуға және өз елінің өткенін құрметтеуге бағытталды.
Сайыс барысында оқушылар тарихи деректерді терең меңгеріп қана қоймай, өз ойларын дәлелді түрде жеткізе білу қабілеттерін көрсетті. Әр сыныптың дайындық деңгейі жоғары болғанымен, ерекше белсенділік танытып, білімін ұштаған 8 «Ә» сынып оқушылары өзгелерден оза шауып, І орынға ие болды.Олар Жетіошақ Інжу, Түгелова Еркеназ, Мақсұтбек Шахмұрат.
https://www.arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/349-alaly-tarikh-p-ni-sajysynda-zhe-is.html#sigFreeId7dcbcb1e89









