Арқалық қаласында өткен 5–6 сынып оқушылары арасындағы шахмат жарысында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің командасы ерекше өнер көрсетіп, командалық есепте І орынға ие болды.
Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі. Жарыс барысында жас шахматшылар өздерінің логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын және командалық бірлігін таныта білді.
Мектеп ұжымы жеңімпаздарды мақтан тұтады және олардың жетістігі басқа оқушыларға үлгі болатынына сенімді. Алдағы уақытта да №4 ЖББМ шахматшылары жаңа биіктерді бағындырып, қалалық және облыстық деңгейдегі жарыстарда мектеп абыройын асқақтата бермек.
Құттықтаймыз!
https://www.arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/346-kejki-batyr-atynda-y-4-zhbbm-o-ushylary-shakhmattan-alaly-zharysta-zhe-impaz-atandy.html#sigFreeId409c583958









