Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық мектепішілік ғылыми сайыстарға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, 2026 жылдың наурыз айының 3-ші жұлдызында 5-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми сайыс (мектепішілік) өткізіледі. Ғылыми сайысымызға қоғамдық-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқушылар қатыстырылады.
Сайыс қорытындысы бойынша әр пәннен озық шыққан оқушылар іріктеліп, (I, II орын алған оқушылар) қалалық ғылыми сайысқа жолдама алды. Атап айтсақ: Корьюс Милена, Микольсон Александра – I орын, Бақытжан Айару – II орын, Махтин Санжар – II орын, Ұлыспай Гаухар, Қожагелді Гүлдана – III орынды иеленді. Алдағы уақытта, қалалық кезеңдеріне жолдама алған оқушыларға дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. Біздің басты міндетіміз, салауатты, саналы, ел азаматын тәрбиелеу.
https://www.arkkeikibatyr.edu.kz/kz/zhanaly-tar/344-mektepishilik-ylymi-sajys-2.html#sigFreeId0a85f12e57
Директордың ҒӘЖ орынбасары Исниязов Мирам Рахимжанович










